Ардагер жеңісі – ұрпаққа өнеге
28.05.2025
«Богатырь» кенішінің Теміржол кешеніне қарасты №1 көтергіш-көлік жабдықтары учаскесінің кран машинисі Теңдік Сильев – ардагер спортшы. Ол 19–25 мамыр аралығында Қытайлық Тайбэйде International Masters Games Association ұйымдастырған жарыстарға қатысып қайтты.
Спорттың бірнеше түрінен өткен жарыста Теңдік Қабдығалымұлы дзюдо күресінен бақ сынады. Онда 60–64 жас аралығында, 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күресіп, күміс жүлде жеңіп алды. Айта кетерлік жайт – ақтық сында оның қарсыласы да қазақстандық ардагер-балуан Қазболат Құрмашев болды.
Компания ұжымы атынан Теңдік Сильевті халықаралық аренадан жүлдемен оралуымен құттықтаймыз! Жарқын жеңістеріңіз – жас буынға үлгі!