Киберспортшылар жетістігі

27.05.2025

2025 жылдың тамыз айында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қызметкерлері арасындағы Х спартакиада өткізілмекші. Биыл бұл мерейлі спартакиада 14 спорт түрі бойынша өтеді деп жоспарланса, оған 1320 адам қатысады деп күтілуде.

Осы іргелі жарысқа «Самұрық-Энерго» АҚ құрама командасы барады. Бүгінгі таңда акционерлік қоғам құрамына кіретін компаниялар қызметкерлері арасында іріктеу жарыстары басталып кетті. Солардың бірі – киберспорттан іріктеу жарыстары, 23–25 мамыр күндері Астана қаласында өтті. Аталған сайысқа «Богатырь Көмір» ЖШС қызметкерлері – Арман Мұхтаров, Аян Нажмиден, Медет Сейітқұлов, Мәди Мақсұт және Егор Гамзиннен құралған құрама команда қатысып, екінші жүлделі орынды иеленді.
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы кәсіпорындары қызметкерлері арасындағы спартакиадасының негізгі бөлігі 13-15 маусым күндері өтетін болады. Сондықтан богатырлық спортшыларға жеңісті жарыстары көп болсын деп тілек айтамыз.


Жаңалықтар тізіміне оралу