Жеңіс біздікі

26.05.2025

2025 жылдың 25 мамырында Екібастұз қаласындағы «Жасыбай» спорт кешенінде Екібастұздың бірінші электр станциясы Жастар кеңесінің бастамасымен «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобына қарасты кәсіпорындар арасында шағын футболдан турнир өтті.

Жарысқа қаламыздағы төрт ірі кәсіпорын – «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС және «Energy Solutions Center» ЖШС командалары қатысты.
«Богатырь Көмір» ЖШС аяқдопшылары әр кәсіпорынның командаларымен кездесіп, келесідей нәтиже көрсетті:
«Богатырь Көмір» ЖШС 5:1 — «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС
«Богатырь Көмір» ЖШС 4:3 — «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ
«Богатырь Көмір» ЖШС 1:1 — «Energy Solutions Center» ЖШС

Осылайша, богатырлықтар турнир кестесінде көш бастап, 1-орынды жеңіп алды.
Жеңімпаз атанған әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздер командалық рухтың, шеберліктің және ерік-жігердің жарқын үлгісін көрсеттіңіздер. Алдағы жарыстарда да сәттілік пен жарқын жеңістер тілейміз!


Жаңалықтар тізіміне оралу