ТАЛАНТТАР АЛАҢЫ
23.05.2025
SK «Әзіл Fest» – талант пен бірліктің алаңы!
«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қызметкерлері арасындағы III кешенді SK «Әзіл Fest» байқауына қатысушыларды іріктеу басталып кетті! Бұл бастама корпоративтік мәдениетті нығайтып, командалық рухты көтеруге және қызметкерлердің шығармашылығын дамытуға бағытталған.
22–23 мамыр аралығында Алматы қаласында өткен «Самұрық-Энерго» АҚ тобы арасындағы іріктеу кезеңіне алты команда қатысты. Солардың қатарында өнер мен әзілді серік еткен «Богатырь Көмір» ЖШС командасы да өз бағын сынады.
Біздің команда керемет әзілдер айтып, көрермен қошеметіне ие болды, бірақ өкінішке орай биыл 5-орынға қанағаттанды. Фестивальдің финалы тамыз айында Астанада өтеді!"