ГҮЛМЕН ТҮРЛЕНГЕН ӘСЕМДІК
22.05.2025
«Богатырь Көмір» ЖШС құрылымдық бөлімшелерінің гүлзарларын биыл 45 мыңнан астам гүл безендіреді. Қалыптасқан дәстүр бойынша жаз бойы нәзік шырайгүл мен барқытгүлдің әдемілігі мен хош иісі кеншілер мен Екібастұз тұрғындарын қуантатын болады.
Көшеттерді «Жасыбай» ДО-да, ӘТК ғимараттары мен кеңселердің алдына, соның ішінде қалада отырғызу жұмыстары басталып кетті. Барлығы 37 мыңнан астам шырайгүл және 9 мыңнан аса барқытгүл сатып алынды. Гүлдер Ақмола облысынан жеткізілді. Алыс жолға қарамастан, олардың жағдайы жақсы, көпшілігі толық гүлдеп тұр.
Сонымен қатар, құрылымдық бөлімшелерге 100-ге жуық ағаш көшеті сатып алынды. «Богатырь Көмір» ЖШС нысандарының аумағына 45 қайың, 34 шырша және 20 арша егілетін болады.