Білек күші мықты кенші
13.05.2025
Бүкіләлемдік Жабдықтаусыз Пауэрлифтинг Федерациясы (WRPF) Қарағанды қаласында ашық Азия Кубогы турнирін өткізді. Аталған додаға 600-ден астам пауэрлифтингші қатысуға ниет білдірді. Олардың қатарында «Богатырь Көмір» ЖШС-нің білек күшімен ерекшеленген спортшысы да болды.
Богатырь жүк тиеу-көлік басқармасының «Ударная» ЖҚД-ның тартқыш агрегаты машинисі Евгений Ивашкин 67,5 келі салмақ дәрежесінде жарыстың бітімге тарту түрі бойынша жеңімпаз атанды. Айта кетуіміз керек өз салмағынан үш есе ауыр — 195 кг салмақты көтеріп, спорт шебері нормативін орындады
Евгений Игоревич қазірдің өзінде алдағы іргелі жарыстарға дайындықты бастап кетті. Солардың бірі – Әлем Кубогы турнирі. Күздің алғашқы айында өтетін бұл додада да ол жүлдегерлер қатарынан көрінеді деп сенеміз және сәттілік тілейміз.