Ұрпақтардың мәңгі есінде
09.05.2025
Бүгін, 9 мамыр күні, Екібастұз қаласында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы салтанатты түрде аталып өтілді. Осыған орай Даңқ обелискісіне гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылды.
Шара барысында майдан даласында қаза тапқандардың рухына тағзым ретінде аспанға қарудан үш дүркін оқ атылып салют берілді. Сонымен қатар боздақтарды еске алу мақсатында бір минуттық үнсіздік жарияланды.
Салтанатты рәсімге атқарушы және өкілді органдардың өкілдері, ардагерлер қауымы, түрлі кәсіпорындардың қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысты.
«Богатырь Көмір» ЖШС еңбек ұжымы бұл тарихи күнге ерекше құрметпен қарайды.
Кәсіпорында еңбек еткен соғыс ардагерлерінің және тыл еңбеккерлерінің ерліктері мен жанқияр еңбектері ешқашан ұмытылмайды. Еске алу шарасына қатысып, Даңқ обелискісіне гүл шоқтарын қою — осы терең тағзым мен алғыстың айғағы.
«Даңқ» обелискісіне қойылған гүлдер — бұл жай ғана дәстүр емес. Бұл — ұрпақ атынан алғыс, ұрпақтар сабақтастығы, біз оны көздің қарашығындай сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткіземіз.