Алғыспен және құрметпен
08.05.2025
«Богатырь Көмір» компаниясы Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында өз ардагерлеріне құрмет көрсетті. Бас директордың инвестициялар, даму және IT-GR жөніндегі орынбасары Даурен Асылханов және кәсіподақ, Корпоративтік қор, Біріккен жастар қозғалысы өкілдері бар топ тыл еңбеккерлері мен Ауған соғысының ардагерлеріне барып қайтты.
Кездесу барысында ардагерлерге мерейтойлық медальдар, азық-түлік себеттері, гүлдер және ақшалай сыйлықтар табысталды. Компания 38 тыл еңбеккеріне 50 000 теңгеден, ал Ауған соғысының ардагерлеріне 20 000 теңгеден ақшалай төлем аударды.
Қариялар қонақтарды жылы қарсы алып, бүгінгі күндері мен денсаулықтары туралы әңгімеледі. Көптеген тыл еңбеккерлерінің жасқа қарамастан белсенді өмір салтын ұстанып жүргендері қуантты.
Құрметті ардагерлер мен тыл еңбеккерлері, Жеңіске қосқан өлшеусіз үлестеріңіз және бейбіт аспан үшін сіздерге алғыс айтамыз!