Дәл тиді
07.05.2025
Отан қорғаушы күніне орай компаниямыздың ер-азаматтары арасында лазертаг ойыны бойынша жарыс ұйымдастырылды.
Жарысқа әрқайсысы 5 адамнан құралған 11 команда қатысты. Заманауи командалық ойын болып саналатын лазертаг арнайы электронды қару мен датчиктер арқылы қарсыласты лазерлік сәулемен «атып», ұпай жинау ережесіне негізделген. Әр кездесу 3 минуттан тұратын екі раундпен өтті. Жеңіске жеткен команда 1 ұпай, ал тең нәтиже көрсеткен жағдайда екі командаға 0,5 ұпайдан берілді.
Бөгеттердің артына жасырынып, түрлі тактикалық әдістерді қолданып, мергендіктерін көрсеткен ойыншылар қызықты әрі тартысты өткен жарыста нағыз жауынгерлік рух танытты. Жарыс қорытындысы бойынша келесі командалар жүлделі орындарға ие болды:
1 орын – Богатырь жүк тиеу-көлік басқармасы
2 орын – №1 өндіру жұмыстары учаскесі
3 орын – ТЖЖЖД-ның вагон жөндеу цехы
Жүлдеге іліккендерді құттықтаймыз, барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз. Алдағы жарыстарда сіздерді күтеміз. Отан қорғаушы күні құтты болсын!