Богатырьлықтар тұғырда

02.05.2025

Қазақстанның пауэрлифтингтен Ұлттық қауымдастығы Қарағанды қаласында «Даланың қуаты» Азия чемпионатын өткізді. Байрақты бәсекеге Қазақстаннан бөлек, шет мемлекеттердің спортшылары да қатысты.

Олардың қатарында «Богатырь Көмір» ЖШС-нің әуесқой спортшылары да болып, Павлодар облысы мен Екібастұз қаласының намысын абыроймен қорғады.

Богатырь жүк тиеу-көлік басқармасына қарасты «Ударная» ЖҚД-ның тартқыш агрегаты машинисі Евгений Ивашкин пауэрлифтингпен он жылдай шұғылданып келеді, ал соңғы екі жылда ресми жарыстарға тұрақты қатысып жүр. Бұл жолы онымен бірге ЦТТ дирекциясының үйіндітүзгіш машинисінің көмекшісі Сергей Головлин де бақ сынады. Евгений 67 келі салмақ дәрежесінде жарыстың үш түрі бойынша жеңімпаз атанса,  Сергей 82 келі салмақта екі рет жеңіс тұғырының биігінен көрінді.

Жарысқа қатысуға мүмкіндік жасап, қолдау көрсеткені үшін спортшылар «Богатырь Көмір» ЖШС басшылығына шынайы алғыстарын білдіреді. Компания тарапынан жасалған қолдау — салауатты өмір салтын ұстанатын қызметкерлерге ғана емес, барша ұжым үшін үлкен үлгі.


Жаңалықтар тізіміне оралу