Бірлік таңындағы тәтті сый
30.04.2025
«Богатырь Көмір» ЖШС-де мерекелік көңіл-күй таңертеңнен-ақ сезілді.Қазақстан халқының бірлігі күніне орай құрылымдық бөлімшелерде қызметкерлерді тәтті дәм мен жылы лебіздермен қарсы алды.
Бұл шағын, бірақ жүрекке жылы тиетін қамқорлық белгісі – жайдарлы көңіл-күй мен ізгі тілектерге себеп болып, осы жарқын мерекенің басты құндылықтары – келісім, өзара құрмет пен бірлікті еске салды.
Мұндай күндері біз айырмашылықтарымызға қарамастан қаншалықты тату, біртұтас екенімізді ерекше сезінеміз. Бірлік рухы әрдайым бізбен бірге болсын – жұмыста да, өмірде де, әрқайсымыздың жүрегінде де!