Демалыс жақындай түсуде
27.04.2025
Жасыбай демалыс орталығы қонақтарын асыға күтуде.
Табиғат та қысқы ұйқыдан оянып, ағаштар бүр жарып, гүлзарларға жақында әсем гүлдер отырғызылатын болады.
«Березка» демалыс үйі мен «Қарлығаш» балаларды сауықтыру орталығының аумағы күн сайын көркейіп, жайлы бола түсуде.
Бұл әсемдікті компания қызметкерлері өз қолдарымен жасап жатыр. Осы аптада дайындық жұмыстарына 30-дан астам адам жұмылдырылды. Шағын сәулет мүсіншелері жаңартылып, жаңа бояумен сырланды, ағаштардың ұшар бастары мен құрғақ бұталары кесіліп, былтырғы жапырақтар жиналуда.
«Қарлығаш» балаларды сауықтыру орталығында қыздар бөлмесіндегі ескі душ бөлмесі бұзылып, оның орнына санитарлық талаптарға сай заманауи әрі ыңғайлы душ бөлмесі салынады.
Жақын арада біздің парақшамызда жолдамалар кестесі жарияланады.
Жаңалықтарымызды бақылап отырыңыздар, орындарға алдын ала тапсырыс беріп, «Жасыбай» демалыс орталығында ұмытылмас демалыс өткізіңіздер!