Виртуалды шайқастар

27.04.2025

Бүгін, Отан қорғаушылар күніне арналып «Богатырь Көмір» ЖШС киберспортшылары арасында жеке біріншілік жарысы өтті. Оған қатысқан 21 кенші Counter-Strike ойынында үздіктерін анықтады.

Төрешілердің шешімі бойынша қатысушылар жекпе-жекте сайысқа түсті.  Әр жұп өз қалауы бойынша Aim_map, De_inferno, De_mirage, De_overpass, De_nuke, De_dust2 ойын карталарын таңдай алды. Жарыс регламенті бойынша  турнирде екі рет жеңіліс тапқан киберспортшы жарыстан шығып отырды. Бірнеше сағатқа созылған виртуалды шайқастардың қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

1 орын – Мәди Мақсұт (ТКЖЖ зауыты)

2 орын – Диас Байниязов (ЭД)

3 орын – Егор Гамзин («Богатырь» кеніші).

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Ал 7 мамырда Отан қорғаушылар күніне арналып Лазертагтан командалық жарыс өтетінін еске саламыз. Команда жинап, жарысқа түс!


Жаңалықтар тізіміне оралу