Көктемгі тимбилдинг

26.04.2025

Күн шуағы, таулар, спорттық жарыстар, драйв пен көтеріңкі көңіл күй – біздің компания қызметкерлерінің бүгінгі демалысы осындай керемет атмосферада өтті. Олар командалық рухты көтеру мақсатында «Жасыбай» демалыс орталығына барды. Қырықтан астам кенші қызықты эстафеталық ойындарға қатысты.

Кеншілер «Замандас» және «Патриот» болып екі командаға бөлінді. Жарыс барысында олар допты аяқтарымен және қолдарымен шебер лақтырып, теуіп, бір-біріне пас беріп қарсылас қақпасына гол соқты. Алайда, сайыстың соңында достық жеңіске жетті!

Эстафеталық ойындардан кейін «Богатырь Көмір» ЖШС командасы Жасыбай тауларының әсем табиғаты аясында жаттығу өткізді.

Барлық қатысушыларға дәмді әрі толыққанды түскі ас ұсынылды. Содан кейін кеншілер тау бөктерімен және көл жағасымен серуендеуге мүмкіндік алды. Қызметкерлер осындай қызықты әрі мазмұнды тимбилдинг ұйымдастырғаны үшін өз алғыстарын білдіріп, өте риза болды.