Ардагерлерге арналған саяхат

26.04.2025

«Богатырь Көмір» компаниясы саналы өмірін өндіріске арнаған ардагерлерін ерекше құрметтейді.

Бұл жолы Біріккен жастар қозғалысы мен Іздестіру-гуманитарлық жасағының еріктілері ардақты зейнеткерлеріміз үшін Павлодар облысының киелі жерлеріне танымдық саяхат ұйымдастырды.

Қырықтан астам зейнеткер өңірдің рухани күші мен мәдени мұрасының ошағы Машһүр Жүсіп кесенесіне барды. Экскурсиядан соң қонақтар үшін дастархан жайылып, жағымды әңгіме-дүкен құрылды.

Сапар Машһүр Жүсіптің қасиетті бұлағына барумен аяқталды.Мұндай кездесулер ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, жүректерге жылулық сыйлайды және ұмытылмас жақсы естеліктер қалдырады.


Жаңалықтар тізіміне оралу