Мектепке мейіріммен

24.04.2025

Екібастұз қалалық мәслихатының бастамасымен, №17 жалпы білім беретін мектептің ауласын абаттандыруға өз үлесімізді қостық.

Кәсіпорнымыз мектепке 50 тонна қиыршық тас елендісін арнайы техникамен жеткізіп берді. Нәтижесінде мектеп ауласы мен айналасы тегістеліп, қауіпсіз әрі ыңғайлы орта қалыптасты. Бұл өзгеріс оқу ордасына көрік беріп, оқушылар мен келушілерге жайлы жағдай туғызды.

Біз мектеп инфрақұрылымын дамытуға және жайлы білім беру ортасын қалыптастыруға өз үлесімізді қосқанымызға қуаныштымыз.


Жаңалықтар тізіміне оралу