Инновациялық тәжірибе
24.04.2025
2025 жылдың сәуір айында «Самұрық-Энерго» АҚ бастамасымен «Богатырь Көмір» ЖШС бас директоры Қайрат Рғайбек пен компанияның өндірістік жүйесін дамыту жөніндегі директоры Нұржан Батырханов Алматы желдеткіш зауытына (АЖЗ) сапар жасады.
Сапардың мақсаты – АЖЗ-да үнемді өндіріс (Lean) пен үздіксіз жақсарту (Кайдзен) мәдениетін енгізу бойынша озық тәжірибені зерделеу болды.
Марат Баққұловтың басшылығымен АЖЗ осы тәсілдердің арқасында табысты трансформацияға қол жеткізген кәсіпорынға айналды. Жылдық айналымның айтарлықтай өсуі, еңбек ұйымдастыру мен қызметкерлердің қатысу деңгейінің артуы – ерекше назар аударуға лайық нәтижелер.
АЖЗ-ның практикалық тәжірибесімен танысу «Богатырь Көмір» ЖШС командасына құнды білім алуға, сондай-ақ оны өндірістік үдерістерді одан әрі оңтайландыру мен біздің алаңдардағы тиімділікті арттыру мақсатында табысты қолдануға мүмкіндік беретініне сенімдіміз.