Оңтайлы жөндеу

22.04.2025

«Богатырь» кенішінің мамандары дайындаған «Аралық конвейердің айналым барабанын бөлшектеу және монтаждау процесін оңтайландыру» жобасы үздіксіз жақсартулар жобалардың арасынан орын алды.

Мәселеге келетін болсақ, №1 өндіру жұмыстары учаскесінде №1143 SRS(k)–2000 роторлы экскаваторын апаттық жөндеу барысында аралық конвейердің айналым барабаны тексеріліп, оның мойынтірегі істен шыққаны анықталыпты. Қолданыстағы технологиялық регламент бойынша бұл ақауды жою үшін аралық конвейердің тасымалдаушы таспасын толықтай бөлшектеп, ауыстыру қажет еді. Бұл өз кезегінде үлкен шығындарға әкелетін.

Алайда кеніш мамандары тасымалдауыш таспаны бөлшектемей-ақ айналым барабанын бөлшектеу тәсілін тауыпты.

Нәтижесінде:

• Аралық конвейер таспасын (35 метр) сатып алу қажеттілігі жойылды;

• Айналым барабанын бөлшектеу және орнату уақыты 8 ауысымнан 2 ауысымға дейін  

  қысқарды.

• Еңбек шығындары ауысымына 55 адам/сағаттан 44 адам/сағатқа дейін төмендеді.

Қорытындысында  2024 жылдың 1 қарашасынан 2025 жылдың 31 наурызына дейінгі кезеңде жоба 4 919 904,31 теңге көлемінде экономикалық тиімділік берді.


Жаңалықтар тізіміне оралу