Тарихи рекорд

20.04.2025

2025 жылдың алғашқы тоқсаны айтарлықтай жетістіктермен ерекшеленді.  «Богатырь Көмір» ЖШС мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ арасындағы табысты әріптестіктің арқасында ақпан айында тұтынушыларға рекордтық 3,9 миллион тонна көмір жөнелтілді.

Күн сайын қатты отын 33 түрлі бағытқа еш кідіріссіз жөнелтіліп отырды. Мұндай нәтижеге кеншілер мен теміржолшылардың жоғары үйлесімділігі мен жауапкершілігінің арқасында қол жеткізілді.

Осы оқиғаға орай «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның «Біріктірілген жоспарлау дирекциясы» филиалының директоры Вадим Копылов біздің компанияның атына алғыс хатын жолдады.⠀

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің жүк тиеуді ұйымдастыруды жетілдіру және станция инфрақұрылымын тиімді пайдалану мәселелеріндегі белсенді ұстанымын атап өтеміз. Бұл пойыздардың тұрақты жөнелтілуіне, жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізуге және вагон паркін тиімді айналымға қосуға ықпал етеді», – делінген хатта.⠀
Әркім өз жұмысын жоғары деңгейде атқарғанда – рекордтарға қол жеткізіледі!


Жаңалықтар тізіміне оралу