Күш пен қуат
19.04.2025
Бүгін «Богатырь Көмір» спорттық-сауықтыру кешенінде арқан тартудан жарыс өтті. Бұл сайыс өте қызықты және әсерлі болды. Спортзалға компанияның білек күші мықты кеншілері жиналды.
Алайда кейбір командалар салмақ жағынан қарсыластарынан едәуір жеңіл болды . Бұл жекпе-жектерде шешуші рөл атқарды.
Жарыс нәтижесі бойынша Теміржол кешенінің алыптар командасы жеңімпаз атанды. Екінші тау-кен жабдықтарын жөндеу цехының орынды командасы иеленсе, үшінші орын Богатырь жүк тиеу-көлік басқармасының Аршу станциялар командасына бұйырды.
Жүлделі орын алған барлық командаларға дипломдар табыс етілді.
Қатысқан ең мықты, белсенді, батыл және спорт сүйгіш кеншілерге, сондай-ақ әріптестерін қолдауға келген жанкүйерлерге алғыс айтамыз! Белсенді әрі сау болыңыздар!