Жарқын мереке

18.04.2025

Жарқын мереке «Қамқорлық» айлығы аясында «Үміт» балаларды қолдау орталығында жарқын әрі ұмытылмас таңертеңгілік өтті. Балаларды сүйікті кейіпкерлер — Зефирка, Единорожка және Робол қарсы алды.

Бағдарламада — сабын көпіршіктер шоуы, «сильвер шоу» және көңілді байқаулар болды.
Күлкі, қуаныш, көңілді көңіл-күй, үлкен қуыршақтармен фотосессия және тәтті сыйлықтар — осының бәрі бұл күнді нағыз ертегіге айналдырды!

Мерекені Біріккен Жастар Қозғалысының белсенділері  «Екібастұз » ІГЖ еріктілерімен бірлесіп, «Богатырь Көмір» компаниясының қолдауымен ұйымдастырды.

Балаларға шынайы эмоциялар мен сиқырға толы сәттер сыйлаған барлық жандарға алғыс айтамыз!


Жаңалықтар тізіміне оралу