«Қамқорлық» – қайырымдылық айы
14.04.2025
Екібастұз қаласында 2025 жылдың 17 наурызы мен 15 сәуірі аралығында «Қамқорлық» айлығы өткізілуде. Ірі көмір өндіруші кәсіпорын ретінде «Богатырь Көмір» ЖШС бұл қайырымдылық шарасынан әдеттегідей шет қалмады.
Біріккен жастар қозғалысының мүшелері айлық аясында қала дүкендеріндегі Қайырымдылық сөрелерін апта сайын азық-түлікпен толықтырып, ауа райына қарамастан көше тазалығында еңбек етіп жүрген коммуналдық кәсіпорын қызметкерлеріне ыстық шай мен бауырсақтар таратуда.
Сондай-ақ, компания қызметкерлері 95 жастағы қала тұрғынының үй ауласын қардан тазалауға көмек көрсеткен.
Бұл – «Қамқорлық» айлығы аясында атқарылған игі істердің бір бөлігі ғана. Әрбір мұндай іс-шара – мейірімділік пен қайырымдылықтың, бірлік пен ынтымақтың жарқын үлгісі.