Боз кілем мықтылары
13.04.2025
«Богатырь Көмір» ЖШС-нің спорттық-сауықтыру кешенінде кеншілеріміз арасындағы қазақ күресінен жеке біріншілік өз мәресіне жетті. Боз кілем үстінде балуандар әдемі әдістерімен, жеңіске деген құштарлықтарымен көрерменді тәнті етті.
Ал жеңімпаздар мен жүлдегерлер 6 салмақ дәрежесінде анықталды.
Жарыс қорытындысы бойынша орындар төмендегідей бөлінді:
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде:
1 орын – Парасат Жандарбек (ТКБ)
2 орын – Ілияс Нұрғазин (БЖКБ)
3 орын – Диқан Бажиков (КД)
74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде:
1 орын – Иманбай Әлкенов («Богатырь» кеніші)
2 орын – Виктор Клименко (БЖКБ)
3 орын – Аман Байтенов («Богатырь» кеніші)
82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде:
1 орын – Нұржан Серікбаев («Богатырь» кеніші)
2 орын – Ернұр Рақымжанов (Автобаза)
3 орын – Елдар Мұхтаров (ТКБ)
90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде:
1 орын – Рүстем Бейсен (ТКБ)
2 орын – Нұрланбек Нұрдолдой («Богатырь» кеніші)
3 орын – Қабылқақ Көшербаев (ЦТТ)
90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде:
1 орын – Станислав Студеникин (ЦТТ)
2 орын – Мадияр Орынбаев («Богатырь» кеніші)
3 орын – Нұрлан Дүйсенбаев («Богатырь» кеніші)
Абсолюттік салмақ дәрежесінде:
1 орын – Иманбек Әлкенов («Богатырь» кеніші)
2 орын – Нұржан Серікбаев («Богатырь» кеніші)
3 орын – Рүстем Бейсен (ТКБ)
Барлық балуандарымызға әдемі және әділ күрестері үшін алғыс білдіреміз! Ал келесі сенбіде барлық кеншілерді арқан тарту жарысына қатысуға шақырамыз! Команда жинап, ұжымдық рух пен бірліктің мерекесіне қосылыңыздар!