Бір шеңберге
12.04.2025
Бүгін, 12 сәуірде, «Богатырь Көмір» ЖШС-нің спорттық-сауықтыру кешенінде стритболдан жарыс өтті. Жарысқа ерлер арасынан ЦТТ, ТКБ, Теміржол кешені, «Ударная» ЖПҚ және жастар құрама командалары қатысты. Әйелдер арасында ТКЖЖ зауытының, Атқарушы аппараттың және ардагерлер құрамасы командалары бақ сынасты.
Кейбір қатысушылар түнгі ауысымнан кейін бірден алаңға шыққанына қарамастан, ерлер арасындағы ойындар шынайы тартысты әрі қызықты болды.
Ойын қорытындысы бойынша командалар орындарды былайша бөлісті:
– 1 орын — жастар құрамасы,
– 2 орын — ЦТТ,
– 3 орын — «Ударная» ЖПҚ.
Ал әйелдер арасында жеңіс ардагерлер құрамасына бұйырды. Жарқын қызғылт сары формадағы тәжірибелі спортшылардың үштігі қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмады!
– 1 орын — ардагерлер құрамасы,
– 2 орын — ТКЖЖ зауыты,
– 3 орын — Атқарушы аппарат.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға командалық рухтары, белсенділіктері мен спортқа деген адалдықтары үшін алғысымызды білдіреміз.