Құзыреттілік шеңберінде

10.04.2025

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған қауіпсіздік айлығы аясындағы іс-шара жалғасуда!

Бүгін, 10 сәуір күні Оқу-курстық комбинатында компания қызметкерлері арасында «Қауіпсіздік және еңбек қорғау бойынша нормативтік-құқықтық құжаттарды білу» байқауы өтті.

Байқауға әртүрлі құрылымдық бөлімшелерден қатысушылар бақ сынады:

• «Богатырь» кенішінен - 4 қызметкер

• Богатырь жүк тиеу-көлік басқармасынан - 2 қызметкер

• Энергиямен жабдықтау дирекциясынан - 2 қызметкер

• Теміржол жабдықтарын жөндеу дирекциясынан - 3 жөндеуші

• Көмір нарығы және сату дирекциясынан - 1 қатысушы

Қатысушыларға 40 тесттік сұраққа 30 минут ішінде жауап беру міндеті жүктелді. Барлық тапсырманы ең жылдам орындаған Энергиямен жабдықтау дирекциясының қызметкері Екатерина Смирнова болды, ол тапсырмаларды 16 минутта аяқтап үлгерді. Дегенмен, жеңімпазды анықтауда басты өлшем – дұрыс жауаптар саны болады.

Байқау нәтижелері жақын арада жарияланады. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!


Жаңалықтар тізіміне оралу