Қымбат бөлшектерсіз тиімділік
08.04.2025
ТКЖЖ зауыты жүзеге асырған «№25 ЕДК-1000/4 темір жол кранының арқан орау механизмін қалпына келтіру» жобасы, үздіксіз жақсарту жобаларының қатарына енді.
Жобаны жүзеге асыру идеясы істен шыққан арқан орау механизмін жөндеу кезінде пайда болды. Торапты тексеру нәтижесінде бұрандалы біліктің, жүгірткінің (жетектегіштің) және төлкелердің тозғаны анықталды. Қосалқы бөлшектердің қымбаттығы және жеткізу мерзімінің ұзақтығы темір жол кранының ұзақ уақыт тоқтап қалуына әкелер еді. Сондықтан темір жол кранын тезірек пайдалануға енгізу мақсатында зауыт өз күшімен арқан орау механизмінің тозған бөлшектерін қалпына келтіріп, торапты құрастыру туралы шешім қабылдады.
Қорытындысында:
— Қымбат тұратын қосалқы бөлшектерді сатып алудың қажеті болмады.
— Қосалқы бөлшектерді жеткізуді күту себебінен темір жол кранының тоқтап тұру уақыты 180 күннен 60 күнге дейін қысқартылды.
— Арқан орау механизмінің негізгі тораптары (бұрандалы білік, жүгірткі (жетектегіш), төлкелер) қалпына келтірілді.
Осыған байланысты бір жылдағы экономикалық тиімділік 1 940 550 теңгені құрады.