Балалар суретінің байқауы

06.04.2025

Бүгін, 6 сәуір күні, «Богатырь Көмір» ЖШС-нің оқу-курстық комбинатында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған «Үздік балалар суреті» байқауы өтті.

Балалар өз туындыларында ата-аналарының қалай қауіпсіз еңбек ететіндерін,

жұмыс орнында қауіпсіздік техникасы ережелерін қалай сақтайтынын, олардың аман-есен үйге оралуын отбасы мүшелерінің қалай күтетінін әсерлі бейнеледі. Шараға 60-қа жуық бала қатысты, ал үздіктер 9 және 13 жасқа дейінгі балалар арасында анықталады. Байқау қорытындысын кейінірек жариялайтын боламыз.

Осы күні барлық қатысушыларға кәсіподақ ұйымдарының атынан тәтті және ақшалай сыйлықтар табысталды. Ал  қуыршақ кейіпкерлері балаларды қарсы алып, шығарып салып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.


Жаңалықтар тізіміне оралу