Богатырьға тән тазалық

05.04.2025

Бүгін Екібастұз қаласы қызметкерлеріміздің арқасында бұрынғыдан да таза әрі жайлы бола түсті! 5 сәуір күні компаниямыздың ұжымы көтеріңкі көңіл-күймен және қажетті құрал-жабдықпен қаруланып, көктемгі тазалық айлығын бастап кетті.

Таңертеңнен бастап Қонаев даңғылында жұмыс қызу жүрді. БЖКБ, «Богатырь» кенішінің, ТКЖЖ зауытының, ТЖЖЖД, Автобаза, ЭД және ТКБ ұжымдары бекітілген аумақтарын ретке келтіру үшін белсенді еңбек етті.

Атқарушы аппарат қызметкерлері Б. Момышұлы көшесі, 23 мекенжайындағы әкімшілік ғимараттың ішкі ауласы мен Нұрлы өтпе жолын қоқыстан тазартты. Ал Ақпараттық технологиялар бөлімі мен шаруашылық бөлім қызметкерлері Инженерный тұйық көшесінің тазалығына жауапты болды.

Қаламыздың тазалығы мен жайлылығына үлес қосқан барлық жандарға алғысымызды білдіреміз! Сіздердің еңбекқорлықтарыңыз бен белсенділіктеріңіз — қала тұрғындары үшін үлгі боларлықтай!

Бірге болсақ — қаламызды көркейте аламыз!


Жаңалықтар тізіміне оралу