Шынықсаң-шымыр боласың

04.04.2025

Бүгін, 4 сәуірде, компаниямыздың құрылымдық бөлімшелеріндегі жұмыс күні таңғы жаттығудан басталды!

Бар-жоғы бірнеше минуттық белсенді қимылдар –көңіл-күйді көтеріп, бұлшық еттерді қыздырды,

ал команданы – жемісті күнге дайындады!


Қарапайым жаттығулар:

- жағымды эмоция сыйлайды,

- көңіл күй мен жалпы жағдайды жақсартады,

- ұжымді біріктіреді,

- күйзеліс деңгейін төмендетеді,

- зейінді дамытып, еңбек өнімділігін ұлғайтады.


Осындай тұрақты жаттығулар тек дене белсенділікті арттыруға ғана емес, корпоративтік рухты нығайтуға да септігін тигізеді.

Нағыз мықты команда – денсаулығына қамқор болып, бірлесе әрекет ете алатын команда!

Баршаңызға аптаның сәтті аяқталуын, сергектік пен мықты денсаулық тілейміз!


Жаңалықтар тізіміне оралу