Үздік вагонша
03.04.2025
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай Компаниямызда өткізіліп жатқан қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын сақтау айлығы аясында «Үздік тұрмыстық вагонша» байқауы өтуде.
Осыған байланысты конкурстық комиссия байқау-конкурсқа қатысуға өтініш берген учаскелердің тұрмыстық вагоншаларында қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуын, нұсқамалардың болуын және жұмысқа қажетті құрал-жабдықтардың толықтығын тексерді. Сондай-ақ, қандай да бір бұзушылықтар немесе тәуекелдер анықталған жағдайда оны «Қауіпсіз өндіріс» ААЖ-не хабарлауға арналған QR-кодтың бар-жоғын да қарастырды. QR-кодтың болуы ғана емес, оны қызметкерлердің қолдану деңгейі де назарға алынды.
3 сәуір күні комиссия мүшелері келесі құрылымдық бөлімшелердің тұрмыстық вагоншаларын тексерді:
• «Богатырь» кеніші – №3 электрлендіру учаскесінің, дренажды шахтаның №1 желдету және қауіпсіздік техникасы учаскесінің;
• Богатырь жүк тиеу-көлік басқармасы – №5, 6 жол учаскелерінің;
• Энергиямен жабдықтау дирекциясы – №2 жылусумен жабдықтау учаскесінің;
• Тау-кен-көлік жабдықтарын жөндеу зауыты – экскаватор жөндеу цехының.
Байқаудың басты мақсаты – еңбек жағдайларын жақсарту, қауіпсіздік талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету және қызметкерлердің еңбек мәдениетін арттыру.