Үздік учаске
02.04.2025
28 сәуірде аталып өтілетін Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналып, кәсіпорнымызда түрлі конкурстар өткізілуде. «Үздік өндірістік учаске/цех» байқау-конкурсына қатысушылардың арасынан үздігін анықтау мақсатында құрамында кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, АҚ және ЕҚ басқармасының мамандары бар комиссия құрылды.
Міне, осы комиссия 2 сәуірде конкурсқа қатысушы учаскелерді аралауды бастады.
Соның барысында:
• қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету,
• қауіпсіз жұмыс тәсілдері мен еңбекті қорғауға арналған көрнекі ақпараттың, нұсқамалардың бар болуы,
• санитарлық-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз ету, ауыз судың бар болуы,
• жеке қорғану құралдарының жарамдылығы, сақталуы, тізімі,
• техникалық және жедел құжаттаманың мазмұны, тізімдеме бойынша толық болуы тексерілді.
Комиссия келесі учаскелерді аралап тексерді:
• Энергиямен жабдықтау дирекциясының Богатырь кешенін электрмен жабдықтау учаскесі,
• Богатырь» жүк тиеу-көлік басқармасының байланыс, «Богатырская» станциясы, «Ударная» ЖҚД учаскелері,
• «Богатырь» кенішінің жерасты тау-кен үңгілеуші және жөндеу-пайдалану учаскесі,
• №3 электрлендіру, №3 аршу және үйінді жұмыстары учаскелері.
Байқауға қатысушы басқа учаскелерді аралап, тексеру 8 сәуірге дейін жалғасады.