Мәслихат депутаттарымен кездесу

01.04.2025

«Богатырь Көмір» ЖШС – «AMANAT» партиясымен диалог

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің бастауыш партиялық ұйымында «AMANAT» партиясының Павлодар облысындағы өкілдерінің  кәсіпорын бас директоры Қайрат Рғайбекпен кездесуі өтті. Жиында партиялық жобалардың жүзеге асырылуы және өзара іс-қимылдың жаңа түрлері  талқыланды.

Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы Илья Теренченко жетекшілік ететін жұмыс тобы Екібастұз қаласындағы нысандардың халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділігін мониторингтен өткізді. Анықталған кемшіліктер тиісті ұйымдардың басшыларына жолданды.

Сондай-ақ, депутаттар, қоғамдық кеңес мүшелерімен және тұрғындармен кездесулер өтті. Оларда «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының Жол картасын іске асыру мәселелері, соның ішінде өрт сөндіру бөлімдері мен апаттық-құтқару жасағы ғимараттарын қайта жаңғырту және жөндеу мәселелері талқыланды. Бұл жобалар республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады.

Депутаттар ветеринария мәселелерін, шағын қалалардағы медицина қызметкерлеріне көтерме жәрдемақы беру тәсілдерін өзгерту, 31-ші шағын аудандағы балабақша ғимаратын, №21 ЖОББМ аумағындағы бос тұрған хауыз ғимаратын қалпына келтіру, Ақкөл ауылына апаратын жолды жөндеу және басқа да мәселелерді көтерді.

Бақылаудағы негізгі мәселелер – денсаулық сақтау, әлеуметтік нысандарды жаңғырту, жолдарды жөндеу және шағын қалалардағы мамандарды қолдау.

«Богатырь Көмір» ЖШС әлеуметтік бастамалардың дамуына өз үлесін қосып, өңір өміріне белсенді қатысуда. 

«Богатырь Көмір» ЖШС қызметкерлер өздерін толғандырып жүрген  сұрақтар бойынша «AMANAT» партиясының қабылдау бөлмесіне 8 (7187) 34 05 24 нөмірі арқылы немесе WhatsApp желісі арқылы 8 778 840 03 27 нөміріне хабарласа алады.


Жаңалықтар тізіміне оралу