Білектілер сайысы
29.03.2025
29 наурызда спорттық-сауықтыру кешенінде армрестлингтен жарыс ұйымдастырылды. Оған кәсіпорынның ер азаматтары мен әйелдері қатысып, 80 келіге дейін және 80 келіден жоғары салмақта жеңімпаздар анықталды.
Нәзікжандылар келесідей нәтижелер көрсетті:
80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде:
1-орын – Ирина Смирнова, ЭД
2-орын – Күлзира Хапар, «Богатырь» кеніші
3-орын – Дарья Куценко, атқарушы аппарат
80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде:
1-орын – Айжарық Хуанған, ТКЖЖ зауыты
2-орын – Айнагүл Абжалиева, КҚД
3-орын – Татьяна Сигнеева, ЭД
Энергиямен жабдықтау дирекциясының бас технологы Ирина Смирнова қол күресімен 5 жылдан бері айналысып жүр және өзінің әуестігі туралы мынадай пікір білдірді: «Спорт – драйв, адреналин. Өзім Тахир Ильясовпен бірге жаттығамын. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының кәсіпорындары арасындағы спартакиадаға жыл сайын қатысамын, әрдайым жүлделі орындардан көрініп жүрмін».
Білек күші мықты жігіттеріміздің қатары аз болмады, әсіресе жастардың көп болғаны қуантты. Арасында осындай жарысқа алғаш қатысқандары да болды, соған қарамастан қарсыластарына лайықты қарсылық көрсетті.
Жүлделі орындар былай бөлінді:
80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде:
1-орын – Тахир Ильясов, «Богатырь» кеніші
2-орын – Манас Жұмабеков, «Богатырь» кеніші
3-орын – Мақсат Кунафин, ТКЖЖ зауыты
80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде:
1-орын – Андрей Нягу, ТКБ
2-орын – Нұрсұлтан Бұхарбаев, Автобаза
3-орын – Данияр Қибаш, ТЖ кешені
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Баршаңызды 4 сәуір күні өтетін дене шынықтыру жаттығуларына қатысуға шақырамыз.