Демеушілік көмек

27.03.2025

«Богатырь Көмір» ЖШС – әлеуметтік жауапкершілікті компания ретінде түрлі қайырымдылық іс-шараларға белсене атсалысып, тұрақты түрде қолдау көрсетіп келеді. Сондай-ақ, кәсіпорын салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше көңіл бөліп, спорттың дамуына да өз үлесін қосуда.

Тоқтала кететіні «Богатырь» кеніші директоры Серік Саттаров самбо күресінен ел біріншілігінің, Азия және әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін чемпионы әрі жүлдегері. Осылайша, ол өскелең ұрпаққа үлгі болуда.

Қазіргі таңда Павлодар қаласында 26-28 наурыз аралығында 2009-2010 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында самбо күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Осы беделді жарысқа «Богатырь Көмір» ЖШС қаржылық қолдау көрсетті.

Айта кететін жайт, чемпионатқа еліміздің барлық өңірлерінен 580 спортшы қатысып, ұлдар мен қыздар – 10 салмақ дәрежесінде чемпиондар мен жүлдегерлерді анықтауда.


Жаңалықтар тізіміне оралу