Наурыздағы спорттық жарыстар
22.03.2025
Наурыз мейрамына орай «Богатырь Көмір» ЖШС-нің этноауылында алтыбақан орнатылып, келген әрбір қонаққа мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, спорттық-сауықтыру кешені қызметкерлерінің ұйымдастыруымен кеншілер арасында Серсо, кір спорты және жаяу тартыс бойынша жарыстар өтті.
Қозғалысты және ептілікті талап ететін «Серсо» ойынында нәзік жандылар бақ сынады. Жеңімпаздар мергендіктерімен ерекшеленіп, жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1 орын – Елена Ворошилова, ССК
2 орын – Ольга Дюко, Атқарушы аппарат
3 орын – Инесса Суханова, Атқарушы аппарат
Білек күші мықты ер азаматтар 24 және 32 келілік кір тастарын көтеріп, нағыз мықтыларды анықтады. 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлделі орындар былай бөлінді:
1 орын – Қанат Қалиханов, КҚД
2 орын – Абылай Жақыпов, Дренажды шахта
3 орын – Ерік Тұрғанбаев, КҚД
80 келіден жоғары салмақта жүлдеге іліккендердің барлығы Автобаза қызметкерлері:
1 орын – Қаныбек Масақбаев
2 орын – Дамир Смайылов
3 орын – Нұрлан Макашев
Жаяу тартыс – ептілікті, күшті және тепе-теңдікті сақтауды талап етеді. Бұнда ұйымдастырушылар жүлде тек алғашқы екі орынға беріледі деп шешті. Сондықтан әр жекпе-жекте жарысқа қатысушылар бар күш-жігерін салып, жеңіс үшін аянбай күресті. Нәтижесінде Автобаза жігіттері екі орынды бөлісті:
1 орын – Ерлан Бірімжанов
2 орын – Дамир Смайылов
Барлық спорттық жарыстардың қатысушыларына алғыс білдіреміз! Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!