Әлем чемпионатына жолдама алды

21.03.2025

Өткен демалыс күндері, 15-16 наурызда, Теміртау қаласында мұз астынан балық аулау бойынша Қазақстанчемпионаты өтті. Бұл жарысқа біздің әріптесіміз де қатысты.

№3 өндіру жұмыстары учаскесініңэлектр механигі Роман Ткачук Павлодар
облысының құрама командасы сапында тағы да Қазақстан чемпионы атанып, сондай-ақҚазақстанның қырық үздік балықшылары арасындағы жеке есепте қола жүлдеге ие
болды. Бұл жетістік Романға 2026 жылы Швецияда өтетін Әлем чемпионатына қатысуғажолдама алуға мүмкіндік берді.

Әлем біріншілігінде еліміздің намысын қорғайтын Қазақстанның үздік бес балықшысының қатарында Роман да бар. Бұл – оның әлемдік чемпионатқа үшінші сапары болмақ. Естеріңізге
салайық, жақында ғана біздің спортшымыз Америкада болып, әлемнің еңүздік балықшыларымен сынға түсіп келді.
Романды шын жүректен құттықтаймыз және оған әлемдік аренада Қазақстанды лайықты түрде танытуын тілейміз!


Жаңалықтар тізіміне оралу