Лайықты өнер көрсетті

21.03.2025

12–19 наурыз аралығында Орал қаласында таэквондо ITF бойынша Қазақстан чемпионаты өтті. Біз үшін зор мақтаныш – әріптесіміз, №3 АКЦ-ның 5-ші колонна жүргізушісі Владимир Септ осы жарыста жоғары нәтиже көрсетті!

Владимир Павлодар облысының құрама командасы сапында 2-орын иеленсе, жеке спаррингтерде 3-орынды қанжығасына байлады. Ол SHAKIL TEAM спорттық клубында бапкер Азамат Шакиловтың жетекшілігімен жаттығады.

Владимирді тамаша жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа жеңістер мен биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!


Жаңалықтар тізіміне оралу