Наурыз шуағы
20.03.2025
Бүгін таңертеңнен бастап құрылымдық бөлімшелерде мерекелік көңіл-күй орнады.
Кеншілерді ұлттық музыка әуенімен қарсы алып, жылы лебіздер білдіріп, дәстүрлі қазақ
тағамдарынан дәм таттырды.
Арнайы осы мерекеге орай қоғамдық тамақтану комбинаты 100 литрден астам Наурыз көже және 30 келідей хош иісті бауырсақ дайындады. Осындай игі шара жұмыс күні алдында қызметкерлерімізге шабыт, күш-қуат сыйлады. Көктем өз күшіне еніп, ел Наурыз мейрамын кең ауқымда атап өтуде. Әр күніміз шаттық пен қуанышқа толы болсын!
Мерекеқұтты болсын, құрметті әріптестер!