Игілік үшін серіктестік
19.03.2025
Бүгін «Богатырь Көмір» ЖШС басшылығы мен бастауыш партия ұйымының төрағасы «AMANAT» партиясының Павлодар облыстық филиалының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесуге облыстық филиалдың атқарушы хатшысының міндетін атқарушы Айнұр Мұхамедьярова, облыстық мәслихат депутаты Серік Сәдуақасов, «AMANAT» партиясының Екібастұз қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мариям Маликова және Екібастұз қалалық мәслихатының депутаттары қатысты.
Кездесу барысында өндірістік ұжымда туындайтын өзекті мәселелер мен жұмысшы мамандықтары төңірегіндегі сұрақтар, сондай-ақ компания мен партияның бірлескен жұмысының болашағы талқыланды. Бұдан басқа әлеуметтік және экологиялық мәселелерге, бірлескен іс-шараларды жүзеге асыруға, қалаға көмек көрсетуге және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға ерекше назар аударылды.