Ұлттық киім — ұлт айнасы
18.03.2025
18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай қаламызда «Ұлттық киім – ұлт мақтанышы» атты ұлттық киімдер фестивалі ұйымдастырылды. Ұлттық құндылықтарымызды сақтауға және жастардың бойында патриоттық сезімді оятуға зор ықпал ететін шараға мекемелерден, кәсіпорындардан және оқу орындарынан барлығы 19 қыз-жігіт қатысуға ниет білдірді.
Олардың арасында «Богатырь Көмір» ЖШС-нің ТЖЖЖД басшысының хатшысы Лаура Ерботина, Энергиямен жабдықтау дирекциясының №1 ЖСЖ учаскесінің аппаратшысы Карина Габдрахманова және Богатырь ЖКБ басқару аппаратының машинисті Гүлжазира Барнаулова да болды.
Қазақ халқының ұлттық киімдерін көпшілікке танымал ету мақсатында өткізілген бұл мәдени шарада көрермендерге кимешектердің сан алуан түрлері таныстырылды. Ал фестивальге қатысушылар өздері киіп келген киімдерін сахнада әсемдікпен көрсетіп, қазылар алқасы мен көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Әрбір қатысушы киіп келген ұлттық киімнің тарихы мен мағынасын тереңінен түсіндіріп, қазылар алдында қорғаулары керек болды.
Фестиваль қорытындысы бойынша ұлттық киімімізді дәріптеуге қосқан үлестері үшін богатырлық қыздар Лаура Ерботина, Карина Габдрахманова және Гүлжазира Барнаулова Алғыс хаттармен және қаржылай сыйлықпен марапатталды.