Волейболшылар жарысы

15.03.2025

Бүгін, 15 наурыз күні, спорттық-сауықтыру кешенінде Наурыз мейрамына арналған мерекелік волейбол турнирі өтті. Турнирге Технологиялық көлік басқармасы, Богатырь жүк тиеу-көлік басқармасы, Тау-кен жабдықтарын жөндеу цехы, Теміржол кешені, Энергиямен жабдықтау дирекциясы және Автобаза командалары қатысты.

Ойындар өте тартысты әрі қызықты өтті. Қатысушы командалар өз шеберліктерін көрсетіп, бір-біріне лайықты қарсылас бола алды. Әрбір кездесу минималды есеп айырмасымен аяқталып, ойын барысында қуатты әрі дәл соққылар таблодағы көрсеткішті жылдам өзгертіп отырды.

Бұл турнирді тамашалауға ойыншылардың жақындары да келді. Олар командаларға қызу қолдау білдіріп, волейболшыларға жігер берді.

Мерекелік турнирдің ережесіне сәйкес жүлделі орындар тек алғашқы екі командаға берілді. Богатырь жүк тиеу-көлік басқармасы командасы бірінші орынға қол жеткізсе, Энергиямен жабдықтау дирекциясының командасы екінші орынға қанағаттанды.

Ол екі команданы шын жүректен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға спорттық жетістіктер мен мықты денсаулық тілейміз!


Жаңалықтар тізіміне оралу