Мерекелік концерт
06.03.2025
Бүгін, 6 наурызда «Богатыр» кенішінің ӘТК-де Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара өтті. Шара фойедегі фотоаймақтан басталды, арулар естелік суретке түскеннен кейін мәжіліс залына көтерілді.
Мәжіліс залында кәсіпорынның нәзік жанды қызметкерлерін бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Сергей Усик және бас директордың инвестициялар, даму және IT-GR жөніндегі орынбасары Дәурен Асылханов құттықтап, ізгі тілектерін айтып, кәсіпорынның дамуына қосып жатқан үлестері үшін ризашылықтарын білдірді.
Сергей Григорьевич өндірістік жоспарлармен бөлісіп, биыл кәсіпорын 45 млн тонна көмір өндіруді көздеп отырғанын айтты.
Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Компанияның өнерлі қызметкерлері, «Джуманджи», «Самұрық» және «Степ-фо» би ұжымдары, Естай атындағы балалар музыка мектебінің скрипкашылары қатысқан мерекелік шарада адамзаттың пайда болуынан бүгінгі кезеңге дейінгі тарихы әнмен және бимен өрнектелді.
Шара мерекелік фуршетпен аяқталды.
Құрметті арулар, мерекелеріңізбен!