Аруларға құрмет
06.03.2025
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Богатырь Көмір» ЖШС-нің құрылымдық бөлімшелерінде көктемгі мерекелік көңіл күй орнады. Кәсіпорынның нәзікжанды қызметкерлеріне арналған мерекелік шаралар мен марапаттау рәсімдері ұйымдастырылды.
Кәсіпорынның дамуына қосқан зор үлесі мен мінсіз еңбегі үшін Серіктестіктің 30 қызметкері және Корпоративтік қордың бір өкілі 30 мың теңге көлеміндегі сыйлықақы мен алғыс хаттарға ие болды. Марапаттау рәсімін конференц-залда компания бас директорының инвестициялар, даму және IT-GR жөніндегі орынбасары Даурен Асылханов өткізді. Ол мереке иелерін құттықтап, зор денсаулық, бақыт және амандық тіледі.
Сонымен қатар, 50 қызметкерге алғыс хаттар табысталды. Серіктестік пен Корпоративтік қордың штаттық қызметкерлерінің барлық өзге әйелдеріне 3 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйлықақы банктік карталарына аударылады.
«Богатырь Көмір» ЖШС-нің Корпоративтік қоры компанияның 1010 зейнеткер әйеліне жалпы сомасы 8 миллион теңгеден астам қайырымдылық көмек көрсетті.
Құрметті ханымдар, мереке құтты болсын!