05.03.2025
Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігіне рекордтық үлес.
2025 жыл Қазақстанның көмір өндіру саласы үшін қуатты серпіліспен басталды. «Богатырь Көмір» ЖШС ұлттық деңгейдегі көшбасшылығын дәлелдеп, жаңа өндірістік рекордтар орнатып, елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға қомақты үлес қосуда.
Қаңтар айында кәсіпорын тұтынушыларға 4 млн 403 мың тонна көмір жөнелтті — бұл соңғы он жылдағы абсолютті максимум. Ақпан кезекті жетістік айы болды — 4 млн 51 мың тонна, бұл 2013 жылдан бергі ұқсас кезеңдегі ең жоғары көрсеткіш. Екі айда жалпы 8 млн 454 мың тонна көмір жөнелтілді, бұл соңғы 17 жылдағы рекордтық нәтиже.
Осындай жетістіктер компанияның алдыңғы қатарлы технологияларды енгізуге, процестерді цифрландыруға және жабдықтарды жаңғыртуға негізделген жоғары тиімді өндірістік стратегиясының айқын дәлелі.
«Богатырь Көмір» жетістігі — өз ісіне адал мыңдаған мамандардың үйлесімді еңбегінің нәтижесі. Олардың жанқиярлық еңбегінің арқасында компания жаңа рекордтар орнатып қана қоймай, Қазақстанның энергетикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосуда.