Жігерлі қыздар
02.03.2025
Халықаралық әйелдер күніне орай спорттық-сауықтыру кешенінде «Көңілді старттар» жарысы өтті. Оған құрылымдық бөлімшелерде еңбек ететін әйелдердің құрама командалары қатысты.
Атап айтсақ, «Веснушки» (БЖҚ), «Милашки» (ТКЖЖ зауыты), «Победители» (Ударная ст.), «Ленивая семейка» (Автобаза), «Апельсинки» (Жүк қызметі) және «Позитивчики» (Атқарушы аппарат) командалары бақ сынасты.
Көңілді сайыстар дәстүрлі құттықтаулар мен қазақтың шашуынан басталды. Командалар көрермендермен және бір-бірімен танысып, сәлемдескеннен кейін эстафеталық жарыстарға кезек келді. Жарыс барысында қатысушылар жылан сияқты ирелеңдеп, жұлдызқұрттай жылжыды, жұптасып жүгіріп, картоп егіп-жинады, хоккей ойнап, тоннельден өтті. Осындай қызықты эстафеталар жанкүйерлердің қызу қолдауымен, тартысты жарыстармен және көтеріңкі көңіл-күйімен өтті.
Эстафеталар арасындағы үзіліс кезінде Азамат Оздоев ән айтып, қатысушыларды шабыттандырып, көрерменді шаттандырды.
«Ленивая семейка» командасының мүшелері: «Бұл жарыста сергідік, жарыстық, ойнадық, балалық шаққа сапар шегіп, көңілімізді көтердік», - деп әсерлерімен бөлісті.
Төрешілер әр эстафетаның барысын жіті бақылап, спорт алаңындағы әрбір сәтті ескеріп, командалардың лайықты орындарын анықтады. Екінші орынды екі команда бөлісті, бұл ретте төрешілер бір команданың жанкүйерлерінің белсенді қолдауы шешуші рөл атқарғанын атап өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша:
• 1 орын – «Милашки»
• 2 орын – «Апельсинки» және «Веснушки»
• 3 орын – «Позитивчики»
Құрметті арулар, мерекелеріңіз құтты болсын! Әрдайым осындай жігерлі, көңілді болып жүре беріңіздер!
#СОК #Көңілдіжарыстар #Веселые_старты #SamrukEnergy # Rusal #БогатырьКөмір #Богатырькеніші #Солтүстіккеніші #көміршілер #энергетиктер