Қыс шығарып салынды

01.03.2025

Бүгін, 1 наурызда спорттық-сауықтыру кешенінің стадионында қысты шығарып салуға арналған жарқын мерекелік шара өтті. Масленица мерекесі кәсіпорын жұмысшылары мен олардың отбасыларын жинады.

Қонақтар көңілді ойындар мен қызықты байқауларға қатысып, дәмді құймақтар мен тәтті тағамдардан жасалған нағыз аспаздық шедеврлерден дәм татты. Мерекенің шарықтау шегі – қыстың нышаны болатын сабаннан жасалған тұлыпты жағу болды. Бұл дәстүр көктемнің келуі мен жаңа жылы күндердің басталуын білдіреді.

«Біз балаларымызбен бұл мерекеге алғаш рет келдік. Ұлдарыма қатты ұнады, түрлі байқауларға қатысып, жүлделер де жеңіп алды», – дейді жөндеу-құрылыс жұмыстары учаскесінің жұмыс жүргізушісі Ержан Кетебаев.

Осы жылы мерекенің бір бөлігі болған баршаңызға алғысымызды білдіреміз! Көктем әр үйге қуаныш, үйлесімділік және көтеріңкі көңіл-күй әкелсін!


Жаңалықтар тізіміне оралу