Өндірістік қауіпсіздік: жаңа деңгейге қадам

28.02.2025

Өндірістік қауіпсіздік бойынша көшпелі кеңес «Богатырь Көмір» және Екібастұз 1-МАЭС алаңдарында өтті

Өндірістік қауіпсіздік аудитінің қорытындысы бойынша кеңеске «Самұрық-Қазына» АҚ-ның корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов пен «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов қатысты. Олар «Богатырь Көмір» ЖШС және Екібастұз 1-МАЭС бірінші басшыларының еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндамаларын тыңдады.

Көшпелі кеңес аясында Қордың және өзге де қоржынды компаниялардың сарапшылары көмір кенішіне және бірінші электр станциясы нысандарына барып, өндірістік қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелер бойынша энергетикалық кәсіпорындардың тәжірибесімен бөлісті. Кеңес барысында нөлдік жарақаттану деңгейіне қол жеткізу үшін ең алдымен еңбек қауіпсіздігі мәдениетін арттыру және жұмысшыларға қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау қажеттігі атап өтілді.

Кеңес қорытындысы бойынша қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және жұмысшылардың тұрмыстық жағдайларын жақсарту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.



Жаңалықтар тізіміне оралу