Болашаққа бағдар

25.02.2025

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Павлодар облыстық қоғамдық кеңесінің бастамасымен «Богатырь» кенішіне қызықты экскурсия ұйымдастырылды. 

№7 гимназия-мектебінің 8-10 сынып оқушылары көмір өндіретін ірі кәсіпорынның жұмысымен танысты. Олар «Богатырь» кенішінің көру алаңына барып, көмір өндірісі, оны тиеп-жөнелту үрдісі және компанияда жұмыс істеудің артықшылықтары туралы білді. 

Балалар өндірістің ауқымына таң қалып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауап алды.


Жаңалықтар тізіміне оралу