Мергендер сайысы
22.02.2025
Бүгін, 22 ақпан күні спорттық-сауықтыру кешенінде асық атудан «Богатырь Көмір» ЖШС-нің жеке біріншілігі өтті. Жарысқа қатысуға ниет білдірген ер-азаматтар мен қыз-келіншектер өзара сынға түсіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Қатысушылар асық атудың «Шеңбер» ойыны бойынша жарысты. Бұл ойында қатысушылар екі-екіден жарысып, шеңбердің ортасына тізілген асықтарды сақамен атып, шеңбер сыртына шығару керек. Бір қарағанда оңай көрінгенімен, бұл ойын ептілік, мергендік және ұстамдылықты талап етеді.
Атқарушы аппараттың жетекші маманы Дарья Куценко асық ату жарысының тұрақты қатысушысы және жарыс туралы өз пікірін былай білдірді:
«Әр жарыстан кейін өзімді жақсы сезінемін, күш-қуатым артады. Сонымен қатар мергендік дағдымды дамытып, әріптестеріммен жақсы қарым-қатынас орнатамын. Біз бір-бірімізді қарсылас деп есептемейміз, керісінше, достық қарым-қатынаста болып, әңгімелесеміз».
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
Әйелдер арасында:
1 орын – Айжарық Хуанған (ТКЖЖ зауыты)
2 орын – Дарья Куценко (Атқарушы аппарат)
3 орын – Күлшім Әбдіқалықова (БЖКБ)
Ерлер арасында:
1 орын – Мирас Нұрлыбеков («Богатырь» кеніші)
2 орын – Қасым Түсіпов (БЖКБ)
3 орын – Айдос Ахметов (БЖКБ)
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз, жаңа спорттық табыстар тілейміз!