Қауіпсіздік – №1 басымдық

20.02.2025

2025 жылдың 20 ақпанында «Богатырь Көмір» ЖШС бас директоры Қайрат Рғайбектің басшылығымен Богатырская станциясының Жабдықтау депосы учаскесінде Көшбасшылық мінез-құлықтық қауіпсіздік аудиті өткізілді.

Соның барысында өндірістік қауіпсіздік жөніндегі басқарушы директор Төлеген Максилов және Богатырь ЖКБ-ның бас инженері Владимир Мартемьяновпен бірге локомотивтерді жабдықтау жұмыстарымен танысып, жұмыс орындарын, наряд және тамақтану бөлмелерін аралап, жұмысшылармен әңгімелесті.

Бұдан басқа компания басшысы жанар май құю учаскесіне барды. Онда оның жұмыс үрдісімен танысып, дизельдік отынның сапасы мен қолданылатын жағар майлар туралы сұрап білді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қайрат Рғайбек келесі тапсырмаларды берді:

- Жұмысшылардың еңбек жағдайын, соның ішінде тамақтану және демалыс орындарының

жай-күйін жақсарту;

- Өндірістік жарақат алған жұмыскердің жағдайын толық сауығып кеткенше қадағалау;

- Басшылықтың қызметкерлермен кездесулерін үнемі өткізе отырып мәселелерді шешу және әрбір қызметкерге еңбек қауіпсіздігін сақтаудың маңыздылығын жеткізу.


Жаңалықтар тізіміне оралу